31 желтоқсан 2019 | 12:30

Синоптиктер қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты

© Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 2020 жылдың қаңтарында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет"РМК-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 2020 жылдың қаңтарында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет"РМК-ға сілтеме жасап.

Консультациялық болжамға қарағанда, қаңтар айының бірінші онкүндігінде республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашын, тұман және көктайғақ, солтүстік жартысында боран және жел соғады деп болжанған.

Реклама
Реклама

"Бірінші онкүндіктің ортасында күн суытады деп күтіледі. Батыста ауа температурасы түнде 5-15 градусқа дейін төмендейді, солтүстік жартысында 10-25 градусқа дейін төмендейді, оңтүстік жартысында суықтың толқыны онкүндіктің соңына шығып, 3-11 градус аяз болады.

​"Кезекті екі суықтың толқыны екінші және үшінші онкүндікте болады. Ауа температурасының едәуір төмендеуін айдың үшінші онкүндігінде күту керек. Солтүстік жартысында түнде 20-25, кей жерлерде 30, күндіз 15-20, кей жерлерде 10 аяз, оңтүстік жартысында түнде 17-22, кей жерлерде 12, күндіз 10-15, кей жерлерде 5 аяз болады", - делінген синоптиктердің хабарламасында.

Жалпы, қаңтар айында орташа ауа температурасы нормадан бір градусқа жоғары болады, тек республиканың батысы, солтүстігі мен шығысында кей жерлерде нормадан жоғары болады деп күтіледі.

​Еліміздің солтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашын нормадан аз болады деп болжануда. Қазақстанның шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, қалған аумақтарда климаттық нормадан артық.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная