ПОДЕЛИТЬСЯ
29 желтоқсан 2023 | 17:23
Синоптиктер қазақстандықтарға екпінді жел соғатынын ескертті
Синоптиктер 30 желтоқсанда Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Синоптиктер 30 желтоқсанда Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжам бойынша, жылдың соңғы күндерінде еліміздің басым бөлігінде жылымық ауа райы сақталады. Атлантика аудандарынан тағы бір циклон ықпалынан қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады, көктайғақ және бұрқасын мен жел күшейеді.
"Ауа температурасы: түнде солтүстікте 5-15 градус аяздан 0-5 градус аязға дейін, орталықта 5-15 градус аяздан 0-5 градус аязға дейін, оңтүстікте 3-11 градус аяздан 0-5 градус аязға дейін ауытқуы, батыста басым температура 3 градус аяз-2 градус жылы, шығыста 0-10 градус аяз, оңтүстік-шығыста 2-10, таулы аймақтарда 12-17 градус аяз, күндізгі температура республиканың солтүстік жартысында 5 градус аяз-2 градус жылы, оңтүстік жартысында 2-7 градус жылы, таулы аудандарда 0-5 градус аяз болады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также