Синоптиктер көктайғақ болады деп болжады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Синоптиктер көктайғақ болады деп болжады Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер Қазақстандағы 30 қыркүйек, 1-2 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер Қазақстандағы 30 қыркүйек, 1-2 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет мәліметі бойынша, батыс өңірлерден басқа Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де жүріп келе жатқан циклон жырасының ықпалында болады.

"Батыс өңірі қазірдің өзінде Мәскеу аудандарынан көшіп келе жатқан солтүстік-батыс антициклонның қол астында. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады, арты көктайғаққа ұласады. Түнде және таңертең тұман түседі", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

1 қазаннан бастап солтүстік-батыс антициклонның батыстан шығысқа қарай ығысуына қарай жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының одан әрі төмендеуі күтіледі. Түнде солтүстікте, шығыста және орталықта 1-6 градус аяз, күндіз 2-7 градусқа дейін жылы болады.

Еліміздің солтүстік-батысында түнде термометр 6 градусқа дейін төмендейді, күндіз 3-13 градус жылы болады. Ал оңтүстік өңірлерде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз температура 8-13 градусқа дейін төмендейді. Елдің батысында ғана ауа температурасының негізгі фоны түнде 3 градус аяз - 5 градус жылы, күндіз 10-15-тен 13-18 градус жылыға көтеріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама