Синоптиктер күздің соңғы күндерінде ауа райының қандай болатынын айтты

© Николай Колесников

Синоптиктер күздің соңғы күндерінде ауа райының қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Синоптиктер 28-30 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

"Қазгидромет" кәсіпорнының мәліметінше, Орта Поволжьенің үстінде қалыптасқан циклон, белсенді фронтальді аймақ үстімен сағатына 80 шақырым жылдамдықпен Батыс Сібірге ауысып жатыр. Бірақ онымен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан арқылы жылдам жылжитын болады және ол жаңбыр, қар, көктайғақ пен тұман тудырады.

"Шығыс Еуропа аумағынан 28 қарашада суық атмосфералық фронттардың орнына батыс облыстарына антициклон келеді, ол 30 қараша күздің соңғы күні республиканың шығыс аудандарын қамтиды. Антициклонның шығысқа қарай жылжуына байланысты жауын-шашын тоқтайды, температура төмендейді, бірақ бұрынғыдай климаттық нормадан жоғары болып қала береді", - деп хабарлады метеорологтар. 

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер алдағы қысқа болжам жасаған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама