Синоптиктер наурыздың басында ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер 2018 жылды? 1-3 наурызы аралы?ында ауа райы ?андай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" РМК ?кілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктер 2018 жылдың 1-3 наурызы аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Мамандардың болжамына қарағанда, 1-3 наурызда Қазақстанда өткінші суық болады.  

"Қазақстанның орталық аймағынан ауысқан циклон солтүстік-шығысқа қарай қатты жылдамдықпен жылжиды. Ал наурыздың 1-і күні республикадан тыс жерде болады. Бірақ бұл циклонмен байланысты атмосфералық фронттар солтүстік және шығыс аймақтарға қар мен боранды алып келеді. Оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты жауын-шашын және тұман күтіледі", - дейді синоптиктер.

Реклама
Реклама

"Қазақстанның барлық аймағында салқындатуды тудыратын суық антициклон Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік-батыс аймақтарынан циклонның артқы жағына тарай бастады. Күнтізбелік көктемнің келуіне байланысты синоптикалық процестер өте жылдам өзгеріп отырады. Сол себепті антициклон және суық күндер өткінші болады", - делінген хабарламада. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама