Синоптиктер ҚР бірінші Президенті күні қандай ауа райы болатынын айтып берді

© Тengrinews.kz

?аза?стан аума?ында к?рделі метеорологиялы? жа?дай к?тіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" РМК ?кілдеріне сілтеме жасап. Алда?ы ?ш т?улікте ауа-райын алдымен суы? атмосфералы? фронт, содан кейін о?т?стік циклон аны?тайтын болады.

Қазақстан аумағында күрделі метеорологиялық жағдай күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Алдағы үш тәулікте ауа-райын алдымен суық атмосфералық фронт, содан кейін оңтүстік циклон анықтайтын болады.

"Республиканың солтүстігі мен шығысында бұрқасынды қар жауып, күшті батыс желі соғады. Еліміздің батысы мен орталығына, сондай-ақ кей жерлерге қар жауады, бірақ күндізгі температура - 3 тен + 3-ке дейін болады, бұл жерлерде көктайғақ болады деп күтіледі", - деді "Қазгидромет" мамандары.

Қазақстанның оңтүстігінде 2-желтоқсанда күндіз, 3-желтоқсанда оңтүстік-шығысында температура плюс 2… плюс 10 градусқа дейін көтеріліп, жауын-шашын түседі, жаңбыр жауып, аяғы сулы қарға ұласады, сондай-ақ екпінді оңтүстік-батыс желі де күтілуде. Жолдарда, әсіресе қала сыртында өте абай болыңыздар. 

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама