Синоптиктер Тәуелсіздік күні ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер алда?ы Т?уелсіздік к?ні ауа райы ?андай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "?азгидромет" РМК ?кілдеріні? 2016 жыл?ы 15-17 желто?сан?а арнал?ан ауа райы болжамына сілтеме жасап.

Синоптиктер алдағы Тәуелсіздік күні ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдерінің 2016 жылғы 15-17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, кезекті оңтүстік циклон "Қазақстан аумағына келуге дайындалып жатыр". Әдеттегідей, қысқы уақыттағы бұл циклонмен республиканың көп бөлігінде ауа температурасы тек күрт көтеріліп қоймайды, сонымен қатар, ауа райы да бұзылады екен.

"Алдағы үш тәулікте, республиканың көп аумағында жауын-шашын: қар, бұрқасын, көктайғақ, кей жерлерде күші 18-25 м/с болатын, дауылды жел күтілуде. Тек батыста ғана температурасы әдеттегіден 3-6 градус жоғары, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", - деп хабарлады синоптиктер.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама