26 қаңтар 2024 09:24

Синоптиктер үш қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстанның үш қаласы тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" синоптиктері Қазақстанның үш қаласы тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

26 қаңтарда Ақтөбе, Өскемен, Риддер сияқты қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram