15 наурыз 2023 | 17:38

"Сипамақ болған". Өскеменде хайуанаттар бағындағы қасқыр қызды тістеп алды

Дина Шарипханова Корреспондент
фото:elements.envato.com

Өскемендегі хайуанаттар бағында қасқыр баланы тістеп алды. Полицейлер зардап шеккен қыздың ата-анасына сотқа жүгінуге кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өскемендегі хайуанаттар бағында қасқыр баланы тістеп алды. Полицейлер зардап шеккен қыздың ата-анасына сотқа жүгінуге кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жәбірленушінің ата-анасы полицияға хабарласқан. Олар хайуанаттар бағындағы қауіпсіздік шараларын күшейту керек деп есептейді.

"Өскемен қаласының Сол жағалау полиция бөліміне 34 жастағы әйел кәмелетке толмаған баласын қасқыр тістеп алған хайуанаттар бағының қызметкерлеріне шағымы барын айтып, арызданды", - деп, ақпаратты ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен растады.

Реклама
Реклама

Полиция мәліметінше, 11 наурызда кәмелетке толмаған бала хайуанаттар бағы орналасқан қалалық саябақта анасымен бірге серуендеп жүріп, қасқырлар тұрған қоршауға жақындап жыртқышты сипамақ болған. Қыз саусағын тордан өткізгенде қасқыр тістеп алған.

"Айта кететін жайт, саябақтың ішкі ережесі бойынша мұндай оқиғаларды болдырмау үшін кейбір әрекеттерге тыйым салу туралы ескертулері бар алдын ала әзірленген маңдайшалар ілінген: оның ішінде жануардың торына шықпау, оның торына қол кіргізбеу бар. Осы ережелерді сақтамау салдарынан осындай оқиға болған", - деді ШҚО ПД өкілдері.

Полицейлер бұл жағдайда қандай да бір әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық құрамы байқалмайтынын атап өтті.

"Осыған байланысты арызданушыға сотқа жеке жүгіну ұсынылды", - деді полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная