03 сәуір 2024 | 14:30

Сирек кездесетін монеталарды арзанға сатып алмақ болған астаналық алданып қалды

Фото:depositphotos.com

Сирек кездесетін монеталарды арзанға сатып алмақ болған астаналық алданып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сирек кездесетін монеталарды арзанға сатып алмақ болған астаналық алданып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана тұрғынына Ресей Федерациясының азаматы құнды монеталарды сатып алу жөнінде өте тиімді ұсыныс жасаған. Алаяқтың айласына таксист түсіп қалған.

"Тұрақта такси жүргізушісіне ер адам келіп, коллекциялық монеталар салынған пакетті көрсеткен, олардың арасында 1700 жылы шығарылған алтын монеталар да бар деген. Күдікті тұрғынды монеталардың әлдеқайда қымбат тұратынын айтып, отбасына тез арада ақша керек болғандықтан арзанға сататынына сендірген. Алаяқтың айласына алданған ер адам оған 1 миллион теңге беріп, орнына 32 дана монетаны алған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Кейінірек жәбірленуші монеталардың жалған екенін біліп, полицияға жүгінген.

"Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Есіл ауданы полиция басқармасының қызметкерлері Ресейдің 31 жастағы азаматын анықтады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная