Сирия бойынша Астанада келіссөз өткізуге Қазақстан қандай шығын шығарады?

© Тұрар Қазанғапов

Сырт?ы істер министрі ?айрат ?дірахманов Сирия бойынша келісс?здер ?ткізу кезінде ?аза?стан ?а?дай шы?ындар шы?аратыны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрі Қайрат Әдірахманов Сирия бойынша келіссөздер өткізу кезінде Қазақстан қаңдай шығындар шығаратыны туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұндай бап әлемнің барлық елдерінің бюджетінде бар. Біз олардың жолына төлемейміз. Біз тек келіссөз алаңын, көлік пен тамақтандыру жағын көтереміз. Ал қонақ үй немесе басқа жерде тұру шығыны делегациялардың өз мойнында", - деді мминистр үкімет отырысынан кейін сұрақтарға жауап беріп. 

Әбдірахмановтың сөзінше, алдағы келіссөздерге қатысатындығын Ресей, Иран, Туркия, Иордания және Сирия Араб Республикасының үкімет растады.

Реклама
Реклама

"Кепіл мемлекеттердің ұсынысын қабылдаса, сириялық қарулы оппозиция өкілдері келу керек. Ресей делегациясын Сирия мәселесі бойынша РФ президентінің өкілі бастап келеді. Қалған елдерден әлі тізім келмеді", - деп аяқтады министр.

Еске салайық, Астанада 15-16 ақпанда Сириядағы жағдайды реттеу бойынша тағы да отырыстар өтеді. Бұл жолы Ресей тарапы Астанадағы кездесуге АҚШ өкілдерін шақырды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама