Сирия бойынша соңғы шешім 14 қыркүйекте Астанада қабылдануы тиіс - Ердоған

Астанада 14 ?ырк?йекте ?тетін сириялы? келісс?здерде процесс ?атысушылары келісс?здерді? ?орытындысын жасауы ?ажет. Б?л туралы Т?ркия президенті Режеп Тайип Ердо?ан А?ордада айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада 14 қыркүйекте өтетін сириялық келіссөздерде процесс қатысушылары келіссөздердің қорытындысын жасауы қажет. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Ақордада айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Түрік Республикасының басшысы Ердоғанды Астанада қарсы алды. 

"14 қыркүйекте өтетін Астана келіссөздері өте маңызды. Дайындық жұмысы аяқталды деп естідім. Мұнда қорытынды жасалуы тиіс. Құдай қаласа, бұл қадамдарымыздың жемісін Астанада көреміз. Осылайша Женева процесі жеңілдетіледі", - деп мәлімдеді Ердоған. 

Реклама
Реклама

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов түрік тарапы Астана процесінде кепіл ретінде келіссөздердің келесі раундына қатысатынын растағанын атап өтті. 

"Түрік Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары делегацияны басқарады. Түрік Республикасы алдағы келіссөздердің мазмұнды мәселелері бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр, оның ішінде сириялық қарулы оппозицияның осы келіссөздерге қатысу мәселесі бар. Алдын ала жоспар бойынша олар келіссөздерге қатысатынын растап отыр, алайда бұл жайлы мәлімет келесі аптаның басында болады", - деді министр. 

Әбдірахманов түрік тарапының ИЫҰ-ның Астанадағы алдағы кездесуінің аясында Мьянма мен Рохинжа мұсылман халықтарының мәселесін көтеретінін мәлімдеді. 

"Түркияның сыртқы істер министрімен бірге Мьянмадағы мұсылман халықтың жағдайына қатысты мәселелерге назар аудардық. Ол жақында ғана Мьянма территориясынан кеткен мұсылман босқындарына барып қайтты, сол кездесудегі әсерін айтты", - деді ол.

Айта кетейік, Ердоған Қазақстанға үшкүндік сапармен келді. Ол Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер өткізеді, сондай-ақ, Астанада Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының ғылым мен технологиялар бойынша саммитіне қатысады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама