ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 04 қазан 2015 10:02
Сириялық оппозиция Назарбаевтан дағдарысты шешуге дәнекер болуды сұрауға ниетті
Сирия оппозициясының Астанадағы конференциясының қатысушылары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сириялық дағдарысты шешуде медиатор болуды сұрап, үндеу жасамақшы. Бұл туралы кездесуге қатысқан Махмұд Әл-Афанди мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Олардың Назарбаевтан осыны сұрайтыны белгілі, барлық қатысушылар осыған келісті. Қазақстан президенті осы мәселе бойынша Франциямен, Иранмен, Ресеймен диалог бастауы қажет", - деп мәлімдеді Әл-Афанди.
Сонымен қатар, ол келіссөздердің екінші күнінің қорытындысы бойынша қорытынды декларацияның мәтінінің келісілмегенін және талқылаудың 4 қазанға жалғасқанын айтып берді.
Еске салайық, 2-4 қазан аралығында Астанада сириялық реттеу бойынша келіссөздердің екінші раунды өтіп жатыр. Бірінші раунд Астанада 25-27 мамыр аралығында өткен еді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу