Сирияда болған қазақстандық содырдың 7 жасар қызы елге қайтарылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызын Сириядан қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызын Сириядан қайтарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ҰҚК мәліметінше, оны қайтару бойынша гуманитарлық операцияға жарты жылдан астам уақыт кеткен.

Қазір ол Астана қаласының балаларды қолдау орталығында.

Реклама
Реклама

"Қыз баланың психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Бүлдіршін медициналық тексеруден өтіп жатыр, оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізілуде. Жуық арада ол туыстарына беріледі", - делінген хабарламада.

Жалпы, 2019 жылдан бастап ҰҚК террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетім баланы елімізге жеткізген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама