20 шілде 2020 | 09:17

"СК-Фармация" басшылық қызметте туыстар отырғаны туралы қауесетті жоққа шығарды

Tengrinews.kz архивінен

"СК-Фармация" ЖШС желіде компания басқармасының төрағасы Ерхат Серікұлы Есқалиев пен бақылау кеңесінің хатшысы Азат Маратұлы Есқалиевтің туыс екені айтылған ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"СК-Фармация" ЖШС желіде компания басқармасының төрағасы Ерхат Серікұлы Есқалиев пен бақылау кеңесінің хатшысы Азат Маратұлы Есқалиевтің туыс екені айтылған ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, Ерхат Серікұлы Есқалиев пен Азат Есқалиев Маратұлы арасында туыстық жоқ", - деді компаниядағылар. 

Реклама
Реклама

Келтірілген мәліметтерге сәйкес, "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы лауазымына 2020 жылғы 12 шілдеде тағайындалған Ерхат Есқалиев 2016 жылдан бастап тәуелсіз директор ретінде серіктестіктің бақылау кеңесінің мүшесі болған. Ал Азат Есқалиев компанияның бақылау кеңесінің хатшысы болып 2020 жылдың 15 сәуірінде алдыңғы қызметкердің өз өтініші бойынша жұмыстан босатылуына байланысты тағайындалған.

"Бақылау кеңесінің хатшысы бақылау кеңесінің отырыстарын өткізу, басқарма мүшелеріне уақтылы және сапалы корпоративтік шешімдер қабылдау үшін материалдар дайындау бойынша ұйымдастырушылық функцияларды орындайды. Компания қызметі үшін басқару шешімдерін қабылдау бақылау кеңесі хатшысының функцияларына кірмейді. Ерхат Есқалиев пен Азат Есқалиев арасындағы отбасылық байланыстардың болмауы құжаттармен расталған", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная