24 қазан 2020 | 15:48

"СҚ-Фармация" басшысының кеңесшісі журналистерге шүйлікті

"СҚ-Фармация" басшысының кеңесшісі Салтанат Искаринова Facebook-тегі парақшасында журналистерден "хайп" іздемей, "жұмыс істеуді" сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"СҚ-Фармация" басшысының кеңесшісі Салтанат Искаринова Facebook-тегі парақшасында журналистерден "хайп" іздемей, "жұмыс істеуді" сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Реклама
Реклама

 

 

Кейінірек кеңесші парақшасынан жазба жоғалып кетті.

"СҚ-Фармация" компаниясының баспасөз қызметі өкілдері жазбаға қатысты пікір білдірді. Олар басшылық қызметкерге қатысты шара қабылдайтынын мәлімдеді.

"Кешірім сұраймыз. Ол жақында ғана кеңесші лауазымына келген, ол БАҚ-пен жұмыстың қыр-сырын түсінбей, журналистерге осындай мәлімдеме жасады. Осы жағдайға байланысты міндетті түрде шаралар қабылдаймыз. Бірінші басшылық шара қабылдайды", - деп хабарлады "СҚ-Фармация" баспасөз қызметі өкілі.

Ал Салтанат Искаринова Facebook-тегі парақшасында жаңа жазба қалдырды, онда журналистерден кешірім сұрады.

"Мен, Салтанат Искаринова "СҚ-Фармацияның" кеңесшісі, жеке өзімнен және "СҚ-Фармация" компаниясының атынан журналистер мен барлық БАҚ-тан осы мәлімдемем үшін кешірім сұраймын. Енді қайталанбайды, тағы да кешірім сұраймын", - деп жазды кеңесші.

Еске салайық, шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев компанияны сынға алған болатын. Кейінірек компания басшылығы ауысып, "СҚ-Фармация" бұрынғы басшысына қылмыстық іс қозғалған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная