ПОДЕЛИТЬСЯ
20 мамыр 2021 | 13:38
"СҚ-Фармация" экс-басшысының ісі: куәгер Алматыда дәрігерлер қалай COVID-19 жұқтырғанын айтты
2020 жылғы сәуір-мамырда дәрігерлердің жаппай коронавирус жұқтыруына кінәлі деп айыпталған СҚ-Фармацияның бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісі бойынша сотта Денсаулық сақтау министрлігінің санэпидбақылау комитеті басшысының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов сөз сөйледі. Ол Алматы ауруханаларында вирус қалай тез тарағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2020 жылғы сәуір-мамырда дәрігерлердің жаппай коронавирус жұқтыруына кінәлі деп айыпталған СҚ-Фармацияның бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісі бойынша сотта Денсаулық сақтау министрлігінің санэпидбақылау комитеті басшысының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов сөз сөйледі. Ол Алматы ауруханаларында вирус қалай тез тарағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2020 жылғы сәуірде Сәдуақасов Денсаулық сақтау министрлігінен Қазақстан өңірлеріне дәрігерлердің жаппай вирус жұқтыру себептерін зерттеуге жіберілген. Ол сотта Алматы Орталық клиникалық ауруханасында көргендерін айтты.
"Менің тұжырымдарымда басты себептердің бірі жергілікті билік пен аумақтық өкілеттік әрекеттерінің сәйкес келмеуі. Еш келісімсіз жұқпалы аурулар ауруханасын орналастырды. Онда оларды оқшауламай тек бөліп қойғаны анықталды. Бұл бірінші және басты себептердің бірі.
Екіншісі, аурухананың өзі. Мен барлық бөлімдерді көрдім. Олар мұндай режимге дайын емес еді. Ол кезеңде үш-төрт блок болды, бес қабатта үш санитайзер орнатылған. Әрине, дәрігерлер жеке қорғаныс құралдарында жүрді, бірақ оны шешу және кию, жою ережелері бұзылды", - деді Сәдуақасов сотқа.
Айта кетейік, прокурорлар Шәріпті дәрігерлердің жаппай вирус жұқтыруына кінәлі деп санайды. Өйткені ол қорғаныс құралдарымен уақтылы қамтамасыз етпеген. Бұл айыптау бойынша ол екі мың медицина қызметкерінің коронавирус жұқтыруына себеп болған.
Сол кезеңде дәрігерлердің стандартты қорғаныс құралдарына маска, көзілдірік, қолғап, киім, аяқ киім кірген. Сәдуақасовтың айтуынша, дәрігерлер вирустың тері арқылы берілетінін білмеген.
"Мен өз тәжірибемде инфекция негізінен шырышты қабаттар арқылы өтетінін түсіндім, маска бірінші кезекте қорғайды және көзілдірік. Егер адам көзін ұстаса, ол қазірдің өзінде жұқтыруы мүмкін. Вирустың өзі желдету жүйесі арқылы жүретін қызылша сияқты ұшпа емес. Бірақ егер арақашықтықты сақтамасаңыз онда жұқтыруы ықтималдығы жоғары", - деп түсіндірді ол.
Сондай-ақ, Сәдуақасов ауруханадағы бақылау камераларындағы бейнежазбаларды қайта қарап шыққанын айтты.
"Біз сот тергеуінде Шәріптің айыптауы бойынша қорғаныс құралдарынаң жетіспеушілігі екі мың дәрігердің жаппай вирус жұқтыруына әкелді деп мәлімдеме жасағандықтан, оны анықтауымыз керек. Ол үшін эпидемиолог маман ретінде сіздің пікіріңіз маңызды", - деді судья Қанат Дүйсембиев.
"Құрметті сот бүгінде медицина қызметкерлері инфекция жұқтырып жатыр. Әрине, жаппай емес, бірақ Нұр-Сұлтан қаласында инфекцияның деңгейі өте жоғары. 50 пайыздан аса қызметкер инфекцияны жұмыста жұқтырмағанын айтады. Бірақ қорғаныс құралы жеткілікті болған жағдайда да жұқтыру мүмкіндігі бар", - деп жауап берді Нұрқан Сәдуақасов.
Айта кетейік, Берік Шәріп медицина қызметкерлерінің 2020 жылдың сәуір-мамырында жаппай коронавирус жұқтыруына және атыс қаруын заңсыз сақтады деп айыпталған еді.
Айыптаушы тараптың толық мәлімдемесін мына жерден оқи аласыз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также