20 желтоқсан 2022 13:10

Скляр Екібастұздағы жағдай туралы айтқан сөзін түсіндірді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:t.me/KZgovernment

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы төтенше жағдай туралы мәлімдемесін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы төтенше жағдай туралы мәлімдемесін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-премьер Екібастұздағы жағдайды бүкіл қалада апат болды деу дұрыс болмайтынын түсіндірді. Оның айтуынша, бұл жекелеген шағынаудандар мен жекелеген тұрғындарға төнген апат.

"Бұл жекелеген аудандардағы апат. Екібастұзда 689 көпқабатты үй бар, оның 70-інде сегіз күнге дейін жылу болмады", - деді Роман Скляр.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, вице-премьердің айтуынша, Екібастұзда 5200 жеке тұрғын үй болса, оның 4500-і орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген. Склярдың айтуынша, бұл тұрғын үйлердің 150-ге жуығы жылусыз қалған.

"Сондықтан, менен: "Жылы қонақүйде тұрған шығарсыз..." деп сұрағанда, айтпақшы, Екібастұзда әріптестерім тұрған қонақүйлер көп. Бұл ауқымды коммуналдық апат, бірақ бүкіл қала апаты емес. Жылушылар станцияны қайта іске қоса алды, бастапқыда жылусыз қалған 149 үйдің 79-ы бірінші күні іске қосылды, тек 70 үйде ғана бұл жұмыстар жүргізілді. Көпшілікте бүкіл қала аяз құрсауында қалып, жылу, жарық болмады деген қате түсінік қалыптасты", - деп түйіндеді сөзін Премьер-министрдің орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram