ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қазан 2020 | 17:50
СҚО әкімі коронавирустан емделуді рулеткамен салыстырды
СҚО әкімі Құмар Ақсақалов коронавирус инфекциясынан емдеу тиімділігін рулеткамен салыстырды. Бұл туралы ол әлеуметтік желілерде тікелей эфир кезінде өз оқырмандарына айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
СҚО әкімі Құмар Ақсақалов коронавирус инфекциясынан емдеу тиімділігін рулеткамен салыстырды. Бұл туралы ол әлеуметтік желілерде тікелей эфир кезінде өз оқырмандарына айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ешкім сізді құтқаратынына жүз пайыз кепіл бола алмайды. Сіздің ағзаңыз қалай әрекет ететінін де ешкім білмейді. Ешбір маман емдеудің қаншалықты тиімді екенін нақты айта алмайды. Бұл рулетка сияқты. Вирус жұқтырғандардың жартысында пневмония дамиды", - дейді Құмар Ақсақалов.
Аймақ басшысы оқырмандарына әдетте күн салқындаса суық тию көбейетінін айтты. Осыған байланысты коронавируспен күрес қиындайды. Бұған өңір дайын.
"Ауруханалар екі айлық дәрі-дәрмек қорымен, ал дәріханалар желісі 1 айға қамтамасыз етілген. Қажет болған жағдайда 3 400 төсек-орынды орналастыруға дайынбыз. Жасанды тыныс алдыру аппараттарының саны 3 есеге артты: 73-тен 232 бірлікке дейін", - дейді әкім.
Еске салайық, СҚО-да вирус жұқтырғандар санының өсуіне байланысты 10 елді мекенде шектеу шаралары күшейтілді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также