ПОДЕЛИТЬСЯ
29 маусым 2022 | 16:54
СҚО әкімі Петропавл атауына қатысты сұраққа жауап берді
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Петропавл қаласының атауын Қызылжар деп өзгерту туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Петропавл қаласының атауын Қызылжар деп өзгерту туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ОКҚ брифингі кезінде журналистердің сұрақтарына жауап берген Ақсақалов кейінгі жылдары облыс орталығында 400-ден аса атау өзгергенін атап өтті.
"Бұған бірнеше рет жауап бердім, сондықтан бұл сұрақ әзірше күн тәртібінде жоқ. (...) Кейінгі жылдары, менің ойымша, 400-ден аса атау өзгерді, оның ішінде көшелер, елді мекендер бар. Бұл жұмыс әрі қарай да жүргізіледі. Неліктен екені түсінікті. Олар моральдық тұрғыдан ескіргендіктен, оның идеологиялық астары жоқ. Бұл - қалыпты жағдай. Ешқандай қулық жоқ. Бұл - тарихшылардың, өлкетанушылардың зерттеуіне негізделген тарихи шындық. Қоғамдық тыңдалымдар өткізіледі, барлығы заң бойынша жүріп жатыр", - деп түсіндірді Құмар Ақсақалов.
2021 жылы СҚО әкімі Петропавлдың атауын өзгерту туралы қауесетке қатысты пікір білдірген еді. Ал 2018 жылы әкім Петропавлдың атауын өзгерту туралы мәселеге әлі ерте екенін айтқан еді.
"Петропавл мен облыстың атауын өзгерту туралы әңгімелерді жиі естимін, кейбіреулер осы туралы айтады, оны естимін. Бірақ қазір қала атауын өзгертуге қатысты жұмыстар жүргізілмейді, әлі ерте деп санаймын", - деді Құмар Ақсақалов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также