02 шілде 2021 12:34

СҚО әкімдігі малды жаппай өлтіруге қатысты ақпаратқа жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент
© elements.envato.com

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ауыл тұрғындары малын жаппай өлтіруге мәжбүр екені туралы ақпаратқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ауыл тұрғындары малын жаппай өлтіруге мәжбүр екені туралы ақпаратқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімшілік СҚО-да малды жаппай өлтіру дерегі тіркелмегенін мәлімдеді.

Әкімдік ақпараты бойынша, 1 шілдедегі жағдай бойынша өңір ауыл шаруашылықтарындағы мал саны 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға (479-дан 498 мыңға дейін) артқан. Ауылдық округтегі ветеринария қызметінің деректері бойынша, Березовка ауылындағы ІҚМ (ірі қара мал) басының саны - 147 (2021 жылдың 1 қаңтарында 141 болды).

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, әкімдік Қызылжар ауданының Березовка ауылы жеке тұрғын үй құрылысы мен жер серігі аумағы үшін тартымды екенін және сол бағытта дамып келе жатқанын айтты. Ал мал шаруашылығын мақсатты дамытудың болашағы жоқ екенін атап өтті. Бұл ауыл 75 пайыз жайылым жерлерімен қамтамасыз етілген.

"Жалпы өңір бойынша жеке сектор малдары үшін жайылымды ұлғайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінде жайылымдық жер 77,3 мың гектар алқапқа ұлғайтылған. Бұл жұмыстар жалғасып жатыр", - деді әкімдіктегілер.

Бұған дейін БАҚ-та Солтүстік Қазақстанда жайылым тапшылығына байланысты ауыл тұрғындары малын жаппай өлтіруге мәжбүр екені туралы ақпарат шыққан болатын. Мәселе жерді кәсіпорындарға егін егуге бергеннен кейін пайда болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram