СҚО-да әкім мас күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айрылды

Сурет: Freepik.com

Солтүстік Қазақстан облысында әдеп жөніндегі кеңес ауылдық округтердің бірінің әкіміне қатысты тәртіптік істі қарады. Шенеунік биыл көктемде мас күйінде көлік жүргізіп ұсталған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот қаулысымен әйел әкім әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті оның әрекетіне баға берді.

Деректерге сүйенсек, шенеунік бұған дейін де ескерту түрінде тәртіптік жазаға тартылған.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысында ауыл әкімін жұмыста ішімдік ішкені үшін жұмыстан шығару ұсынылған болатын. Ал ауыл тұрғындары керісінше оны қорғап шықты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама