ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қазан 2021 | 19:44
СҚО-да Алаш Орданың аймақ тарихындағы ролі туралы конференция өтті
СҚО Жамбыл ауданының Пресновка ауылында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы" Жарлығын орындау аясында "Солтүстік Қазақстан және Алаш құндылықтары" атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.
ПОДЕЛИТЬСЯ
СҚО Жамбыл ауданының Пресновка ауылында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы" Жарлығын орындау аясында "Солтүстік Қазақстан және Алаш құндылықтары" атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті.
Конференция өтетін орын кездейсоқ таңдалмады. Дәл осы жерде - Жамбыл ауданында 1918 жылы белгілі қазақстандық меценат Әлти би қонысында Алашорда Орталық Комитетінің мүшесі Міржақып Дулатұлы бастаған алашордашылардың тарихи жиналысы өтті. Бұл жиынға Омбы облыстық Алашора комитетінен келген Ережеп Итбаев, Айдархан Тұрлыбаев, Петропавл уездік комитетінің мүшелері-Салмақбай Күсемісов, Жұмағали Тілеулин, Көкшетау уездік комитетінің өкілі - Ерқосай Мұқышев қатысты. Бұл тарихи шараға жүзден астам алашордашылар келді.
Конференцияны ашқан СҚО әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов кезінде кеңестік тоталитарлық әкімшілік-командалық жүйенің құрбандары болған адамдарды толық оңалту бүгінгі ұрпақтың парызы, осындай жазықсыз құрбандардың қатарында - Алаш қайраткерлерінің қайғылы тағдыры бар екендігін тілге тиек етті..
"Алаш қозғалысы-Отанымыздың тарихының жарқын беттерінің бірі. Ұлы ерлік, тәуелсіздікке ұмтылу, өз халқына жанқиярлық қызмет етудің жоғары мұраттары бәріміз үшін ерекше үлгі болып табылады. Алаш қайраткерлері сияқты ұлы тұлғалардың тарихи рөлін бүгінгі және болашақ ұрпаққа жеткізу біздің ортақ парызымыз", - деп атап өтті Нығыметов.
Ғылыми-практикалық конференцияға қатысқандар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Жандарбек Мәлібекұлы; Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Жоғарғы мектебі Ғылыми Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Озғанбай, Абай Тасболатов - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты, генерал-лейтенант, тарих ғылымдарының докторы, профессор; Сәуле Таикешева - Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының Орынбордағы өкілділігінің төрағасы, "Тіл жанашыры" республикалық конкурсының лауреаты (Ресей Федерациясы); Мәмбет Қойгелдиев - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор; Сабыр Қасымов - «Қаһармандар» РБФ президенті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мемлекеттік комиссиясының мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты; Виктор Козодой - тарих ғылымдарының докторы, профессор (Ресей Федерациясы); Дихан Қамзабекұлы - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор; Зарқын Тайшыбай - М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры, Қазақстан Жоғары Мектебі Академиясының академигі, филология ғылымдарының кандидаты; Серік Негімов - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы; Аяған Бүркітбай - ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, Халықаралық тарих ғылымдары академиясының академигі, Ұлттық ғылым академиясының Құрметті академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор; Татьяна Тугай – Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті «Ресей тарихы» кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты (Ресей Федерациясы); Еркін Әбіл - ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор; Жұмағұл Байдилдеев - И. Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты (Қырғыз Республикасы); Сұлтан-Хан Жүсіп - "Алаш" ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты; Орхан Сөйлемез - Кастамону университетінің профессоры, ғылым докторы (Түркия Республикасы); Зиябек Қабылдинов - ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мемлекеттік комиссиясының мүшесі, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор.
Халықаралық конференция барысында мемлекеттің аумақтық тұтастығын сақтау мәселелері, отандық тарихтағы ұлы тұлғалардың мұрасы, Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін нығайту жолындағы Алашорда қайраткерлерінің тарихи және жасампаз рөлі туралы ғылыми ізденістер кеңінен талқыланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также