ПОДЕЛИТЬСЯ
11 желтоқсан 2020 | 10:33
СҚО-да ауыл тұрғындары сапасыз интернетке шағымданды
Солтүстік Қазақстан облысы Қаратал ауылының тұрғындары сапасыз интернет байланысына шағымданды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Солтүстік Қазақстан облысы Қаратал ауылының тұрғындары сапасыз интернет байланысына шағымданды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Ауылдағы балалар интернет дұрыс істемейтіндіктен үй тапсырмасын орындай алмайтынын айтады. Ал тұрғындар жедел жәрдем қызметін шақыра алмай отыр. Олар қоңырау шалу үшін ауылдан бірнеше шақырым жерге баруға мәжбүр.
Елена есімді ауыл тұрғыны ата-аналар балаларының үй тапсырмасын интернет арқылы мұғалімдерге жіберу үшін ауданға баратынын атап өтті.
"Күн жылы болған кезде балалар үйдің шатырында отырып, сабақ оқыды. Ал
студенттерді қалаға жіберуге тура келді. Өйткені Zoom бағдарламасы мұнда ашылмайды. Біз интернеттің ақысы төлеу үшін күні-түні қорада жұмыс істейміз", - дейді әйел.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Қанат Едресов бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Қазіргі таңда Қаратал ауылында интернет байланысы бар. Бірақ интернет жылдамдығы 0,1 мегабитке жетпейді. Барлық елді мекенді интернетке қосып, оның жылдамдығын арттыру мүмкін емес.
2021 жылы бұл мәселені шешіп, интернет сапасын жақсарту керек. Басымдық халық саны 250-ден асатын елді мекендерге беріледі", - дейді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также