13 қыркүйек 2020 11:29

СҚО-да хат танымайтын және құжаты жоқ ана мен бала табылды

Көрнекі сурет Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

СҚО полицейлері хат танымайтын әйел мен баланы тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

СҚО полицейлері хат танымайтын әйел мен баланы тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында фермерлік шаруашылықтың бірінен 1988 жылы туған әйел мен 8 жасқа таяған бала табылды. Анасы мен қызының ешқандай құжаты жоқ, хат танымайды. Әйел сөйлесуден бас тартқан, бірақ Әйелдерді қолдау орталығындағы қызметкерлердің көмегі арқылы полицейлер оны тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көргендер үйіне жеткізген.

Реклама
Реклама

"Қызы мектепке бармаған, ойыншықтың не екенін білмейді. Қазір анасы мен баласына мединициналық, психологиялық және құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. Өзінің айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Қазір оның кім екенін анықтау және құжат жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді СҚО ПД Криминал полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Петр Климов.

Олар Криминал полиция қызметкерлері Әйелдерді қолдау орталығымен бірлесе атқаратын профилактикалық жұмыстарының нәтижесінде табылған. Бір азамат Қазақстан дағдарыс орталықтары одағының адам сатуға қарсы қызметінің жедел желісіне (116-16 нөміріне) хабарласқан және олар әрі қарай СҚО полицейлеріне жеткізген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram