25 наурыз 2020 | 12:43

СҚО-да коронавирус анықталған адамның қайдан келгені мәлім болды

©Reuters

Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасынің өкілі өңірдегі коронавирус жұқтырған адамның жай-күйін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасынің өкілі өңірдегі коронавирус жұқтырған адамның жай-күйін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Хабар 24" арнасында болған брифингте басқарма басшысы Тимур Сұлтанғазиев 1993 жылғы қыз Петропавлға Омбы қаласынан келгенін хабарлады.

Реклама
Реклама

"Ол 23 наурызда кешке транзиттік пойызбен келген. Вокзалдан үйіне жеткен, далаға шықпаған, тек анасымен байланыста болған. Келесі күні, 24 наурызда дене қызуы 37,6 градусқа көтеріліп, жедел медициналық көмекке жүгінген", - деді ол.

Ол жедел медициналық жәрдем бригадасы шақыртуға толық қорғаныс костюмінде барғанын атап өтті. Кейін қыз провизорлық стационарға жатқызылды.

"Диагнов коронавирус инфекциясының бар екенін анықтады. Қосымша талдаулар Алматы зертханасына жіберілді", - деп толықтырды Тимур Сұлтанғазиев.

Қазіргі таңда пациенттің жағдайы қанағаттанарлық.

"Температура жоқ, шағым айтпады. Омен байланыста болған пойыз жолаушылары да анықталды. Олардың барлығы карантиндік стационарда оқшауланды, зертханалық талдаулар алынды. Барығының жағдай қанағаттанарлық", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Еске салайық, бүгінде Қазақстанда 79 адам коронавирус жұқтырған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram