СҚО-да құс тұмауына байланысты карантин енгізілді

СҚО-да құс тұмауына байланысты карантин енгізілді

Солтүстік Қазақстан облысының жеті ауданындағы он елді мекенде құс тұмауына байланысты карантин енгізілді, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

Солтүстік Қазақстан облысының жеті ауданындағы он елді мекенде құс тұмауына байланысты карантин енгізілді, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

Карантиннің Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, сондай-ақ Шал ақын, Мүсірепов, Жұмабаев аудандарында енгізілгені айтылады.

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Марат Ибраевтың айтуынша, карантин шарттары бойынша тұрғындар мен автокөліктердің қозғалысы барынша шектеледі.

Реклама
Реклама

Басылымның мәліметінше, карантин құс тұмауының соңғы жағдайынан 21 күн өткен соң ғана алынады. Облысқа елордадан мамандар келген.

Еске салайық, мұның алдында СҚО-ның 7 ауданында құс тұмауы тіркелгені хабарланған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама