15 қазан 2021 | 15:00

СҚО-да локдаун жариялануы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысы толық локдаунға жабылуы мүмкін. Кейінгі екі аптада өңірде COVID-19 деңгейі 1,5 есе өскен. Мұны өңірдің санитариялық дәрігерлері вакцинация қарқыны төмен болуымен және дельта штамының тарауымен байланыстырып отыр, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан облысы толық локдаунға жабылуы мүмкін. Кейінгі екі аптада өңірде COVID-19 деңгейі 1,5 есе өскен. Мұны өңірдің санитариялық дәрігерлері вакцинация қарқыны төмен болуымен және дельта штамының тарауымен байланыстырып отыр, - деп хабарлайды Петропавловск.news.

СҚО бас санитария дәрігерінің орынбасары Арман Күшбасовтың айтуынша, кейінгі кездері облыс бойынша тек 200-300 адам вакцина салдырады, бұл эпидахуалға кері әсер ете бастаған. Бірақ Қазақстанның барлық өңіріндегі жағдай бірдей емес. Мысалы, Түркістан облысында және Шымкентте вакцинация жоспары 30 қыркүйекте орындалған. Бүгінде екі өңір де "жасыл" аймақта. Вирус тарау қарқыны азайып,  шектеу шаралары жеңілдеген.  

Ал Солтүстік Қазақстан облысында керісінше, вакцинация қарқыны азайып, ауру деңгейі өсіп жатыр.  

Реклама
Реклама

"Екі аптадан бері Солтүстік Қазақстан облысы "қызыл" аймақта. Егер ауру деңгейі азаймаса мекемелердің жұмысын тоқтатып, локдаун жариялауымызға тура келеді. Әрине, бұл мәжбүрлі шара, себебі науқастар санының көбеюі медициналық мекемелерге салмақ түсіруі мүмкін", - дейді Арман Күшбасов. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная