ПОДЕЛИТЬСЯ
14 сәуір 2024 | 13:54
СҚО-да полицейлер ауыл тұрғындарын эвакуациялап жатыр
СҚО-да полицейлер қала маңындағы ауыл тұрғындарын эвакуациялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
СҚО-да полицейлер қала маңындағы ауыл тұрғындарын эвакуациялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Үлкен су Қызылжар ауданының Прибрежное ауылына қауіп төндірді. Жергілікті атқарушы органдар мен шұғыл қызметтердің күшімен жалпы эвакуация жүргізіледі.
Өкінішке қарай, барлық тұрғыда қауіп туралы нақты түсінік жоқ. Қазіргі уақытта үйлерін қалдырғысы келмей жатқан 470 адам бар. Полиция қызметкерлері, оның ішінде СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Тәртіп сақшылары ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың адам шығынын болдырмауға бағытталған толық эвакуациялау туралы талабын жеткізді. Қалдырылған мүлікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау үшін полиция қызметкерлері жауапты болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также