25 сәуір 2024 11:09

СҚО-да полиция подполковнигі қайтыс болды

Петропавлда полиция подполковнигі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Петропавлда полиция подполковнигі қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Иван Гугняк өлі табылды деген ақпарат пайда болды. Ол аттестациядан өту үшін дайындалып, жүгіруге шыққаны айтылған.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне полицейдің өлімі дерегін растады. Алайда ведомство қызметкердің кезектен тыс аттестациядан өту кезінде қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін, өйткені оның қызметі аттестацияланатындар тізімінде болмағанын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшылығы, жеке құрамы және ардагерлер кеңесі полиция подполковнигі Иван Николаевич Гугняктың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады", - делінген ведомство хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram