27 қаңтар 2020 | 11:26

СҚО-да шенеунікке пара алды деген айып тағылды

СҚО әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мекемесінің басшылығы сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

СҚО әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мекемесінің басшылығы сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Солтүстік Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасы" КММ басшысы және осы басқарманың бөлім басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Реклама
Реклама

"Олар қызметтік өкілеттіктеріне кіретін іс-әрекеттер үшін айтарлықтай мөлшерде жүйелі түрде пара алды деп күдікке ілінді. Қазіргі уақытта екі эпизодпен жалпы сомасы 650 мың теңге пара алу бойынша айып тағылды. Мекеме басшысына қатысты үйде қамап ұстау бұлтартпау шарасы ретінде санкцияланды. Бұдан басқа, аталған адамдардың қылмыстық іс-әрекетінің жолын кесу нәтижесінде ірі мөлшерде пара алуға бағытталған, олар жоспарлаған басқа да қылмыстардың алдын алынды", - делінген ведомство хабарламасында. 

Сотқа дейінгі тергеу жалғасады. Олардың кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная