СҚО-да шенеуніктер және кәсіпкер сотталды

Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Солтүстік Қазақстан облысында әкімдіктің лауазымды тұлғалары және кәсіпкер парақорлық үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысында әкімдіктің лауазымды тұлғалары және кәсіпкер парақорлық үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот актісі бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі орынбасарының және ТҮКШ бөлімі басшысының жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін жергілікті кәсіпкерден 10 000 000 теңге пара алғаны анықталды.

"Бұлтартпас дәлелдер болса да, жауапқа тартылған үш адам өз кінәларын мойындамай, жасаған істеріне өкінбеген. Алайда, мемлекеттік айыптау пара беру және алу фактілерін даусыз дәлелдеген", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Петропавл қалалық соты прокуратураның ұстанымымен келісіп, кінәлі тұлғалар барлығы 3 жыл 6 айдан бастап 7 жыл 6 айға дейін нақты түрде бас бостандығынан айыруға сотталған, оларға өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымда болуға тыйым салынды.

Сотталғандар жазаларын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйелері мекемелерінде өтейді.

2025 жылғы 14 ақпанда соттың үкімі заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная