СҚО-да ұшақ "у шашып жүр": қазақстандықтар видео таратып жатыр

Кадрдан скрин

Қазақстандықтар мессенджерлерде "химиялық трейлердің дәлелі" деп жаңа видео таратып жатыр. Бұл жолғы видео Солтүстік Қазақстан облысында түсірілген делінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, кадр 2012 жылғы желтоқсанда түсірілген және YouTube желісіне жүктелген. Якутскіде Ту-204 ұшағы түсірілген. Ол кезде ауа температурасы минус 45 градус болған. 

Реклама
Реклама

Ұшақтың артынан созылып жатқан із инверсиялық немесе конденсациялық деп аталады. Ол ылғал, тамшы немесе мұз кристалдары араласқанда пайда болады және атмосфераның кейбір күйінде ұшатын аппарат қозғалып бара жатқанда шығады, деп түсіндірді басылым. 

Әдетте бұл құбылыс тропосфераның жоғарғы қабаттарында байқалады, бірақ ауа температурасы төмен болса, аса биік емес жерлерде де көрінеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама