СҚО полициясы жүргізушілерге көлік дөңгелегін қысқыға ауыстыруға кеңес берді

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында бір түнде 30-35 сантиметрге дейін қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында бір түнде 30-35 сантиметрге дейін қар жауды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап.

СҚО ПД жергілікті полиция қызметінің басқармасы ауа райының бұзылуына байланысты көлік жүргізушілеріне үндеу тастады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, қазіргідей ауа райының қолайсыз кезінде көлікте жазғы шинамен жүру аса қауіпті.

"Қыс мезгілінің келуіне, ауа райының бүлінуіне, температураның төмендеп, қатқақ болуына байланысты СҚО полиция департаменті жүргізушілерден көліктің қысқы шиналарын уақытында ауыстыруын сұрайды. Автошиналарды уақытында ауыстыру қазіргідей қолайсыз жағдайда жолдағы сенімділікті арттырады. Осылайша өзін және басқа да жол қозғалысына қатысушыларды қауіптен сақтайды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, СҚО-да өткен тәулікте ауа райы бұзылып, қар жауды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная