21 ақпан 2021 12:28

СҚО полициясына суатқыш көлік неге керек? Ведомство түсіндірді

Көрнекі сурет: Pixabay.com

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері көпшілікті таратуға арналған суатқыш көліктің не үшін сатып алынатынын түсіндірді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, "бұл әлемдік тәжірибеде бар жағдай", - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Мұндай техниканы пайдалану - полиция органдарының жалпы әлемдік тәжірибесі. СҚО Полиция департаментінің балансында 15 жылдан аса уақыт бойы тұрған техниканың пайдалану мерзімі аяқталуына және техникалық ақауларына байланысты жаңа көлік құралы сатып алынады", - деп мәлімдеді СҚО ПД тылдық қамтамасыз ету басқармасынан.

Еске салайық, мемлекеттік сатып алу сайтында СҚО полициясының суағар қондырғысы бар көлікті сатып алу туралы хабарламасы пайда болды. Лот бағасы - 124,8 миллион теңге.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram