14 шілде 2023 | 10:00

СҚО тұрғындары жаңа төселген жолдың сапасына шағымданды

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Фото: "Петропавловск News"

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының тұрғындары Прибрежное ауылы мен Вороный арасындағы асфальтқа мұнайға ұқсас қоспа жағылғанын айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск NEWS сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының тұрғындары Прибрежное ауылы мен Вороный арасындағы асфальтқа мұнайға ұқсас қоспа жағылғанын айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Петропавловск NEWS сайтына сілтеме жасап.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жол бетінде ескі жырықтар көріне бастаған.

Реклама
Реклама

Солтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл іс жүзінде инновациялық тәжірибе екенін мәлімдеді.

"10-11 шілде аралығында КТ-85 "Воронье аралына кіреберіс" автожолында QazTechProject ЖШС мердігер ұйымы жолдың үшінші және жетінші километріне дейін сынақ режимінде жолдың бетіне сіңіргіш құрамды жағу бойынша жұмыс жүргізді. Бұл технология автожолдың қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді және жабын ақауларының пайда болуын болдырмайды. Жолды ылғалдан қорғайды және оның сапасын жақсартады. Қоспаның гидрооқшаулағыш қасиеті бар", - деді басқарма басшысының орынбасары Мирхат Әбілмажинов.

Сайт журналисінің мәліметінше, алдағы уақытта қоспаның асфальтты қалай ұстайтынын анықтау үшін бұл аумақтың жағдайы бақыланады. Көп жылдар бойы күрделі жөндеуді қажет ететін жолда тәжірибенің неліктен жүргізілгені туралы Көлік және автомобиль жолдары басқармасы айтпаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная