23 ақпан 2022 | 10:05

СҚО велосипедпен серуендеп жүрген қыз балық аулайтын жіпке мойнын жарақаттап алды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Иллюстрациялық фото pavon.kz

Солтүстік Қазақстан облысында велосипедпен серуендеп жүрген қыз балық аулайтын жіпке мойнын жарақаттап алған. Қыздың әкесі екі жылдан бері әділдік іздеп жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana TV арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстік Қазақстан облысында велосипедпен серуендеп жүрген қыз балық аулайтын жіпке мойнын жарақаттап алған. Қыздың әкесі екі жылдан бері әділдік іздеп жүр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Astana TV арнасына сілтеме жасап.

2020 жылдың жазында Олег Ааб 8 жасар қызымен бірге серуендеуге шығып, қызы велосипедпен жазатайым жағдайға ұшыраған. Ол жол апаты болған жерді қоршаған жіпті көрмей қалып, құлаған, ауыр жарақат алыпты. Содан бері денсаулығы қалыпқа келер емес дейді. Бұл оқиғаға полиция қызметкерлерін кіналайды. "Көрінбейтін жіп жүргізгені өз істеріне салғырттығы" дейді. Сотқа  бірнеше рет арызданған.  

"Материалдық мәселе мен үшін маңызды емес. Мен үшін олардың заң алдында жауап бергені маңызды. Қызым әлі күнге дейін сол жағдайдың кесірінен ауырады. Дұрыс сөйлемейді, дем алғанда қиналып, ашуланады. Балаға ондай жасауға ешкімнің хақы жоқ", - дейді Олег Ааб.

Реклама
Реклама

Шарасызданған жәбірленушінің әкесі Nur Otan партиясының республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесіне жүгінуді ұйғарады. Депутаттар мәселені тыңдап, тиісті басқармаларға өз ұсыныстарын жеткізді.

Құзырлылардың айтуынша, іс әлі қаралып жатыр. Ақ-қараны ажырату әзір мүмкін емес дейді. Ал, сенатор Андрей Лукин бұл  дерек бойынша медициналық сараптамадан басқа, сотқа дейінгі тергеу ісі қарқынды жүру керек екенін айтты.

"Кез келген жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары өткізілуі керек, сараптама жүргізу қажет. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары аясында учаскелік полиция инспекторынан бастап, тергеуші мен лауазымды тұлғаларға дейін процеске қатысушылардың барлығына түбегейлі баға берілуі керек. Бірақ ең маңызды сұрақ - кім кінәлі екенін анықтау", - деп Сенат депутаты Андрей Лукин пікір білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная