Словакия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын ресми растады

© 24.kz

Словакия Республикасы ЭКСПО-2017 Халы?аралы? мамандандырыл?ан к?рмесіне ?атысатынын раста?ан 104-ші ел болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрді? ресми сайтына сілтеме жасап.
 
Словакия Республикасы ?кіметіні? т?ра?асы Роберто Фицодан с?йкес ресми хат ЭКСПО-2017 к?рмесіні? Комиссары Р?піл Жошыбаев?а Астанада ?ткен Словакия Елшілігі ?кілдерімен кездесу барысында табысталды.

Словакия Республикасы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатынын растаған 104-ші ел болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.
 
Словакия Республикасы Үкіметінің төрағасы Роберто Фицодан сәйкес ресми хат ЭКСПО-2017 көрмесінің Комиссары Рәпіл Жошыбаевқа Астанада өткен Словакия Елшілігі өкілдерімен кездесу барысында табысталды.

2010 жылдың қараша айында Словакия Республикасының Үкіметі жаңартылмалы энергия көздері (ЖЭК) ресурстарынан өндірілетін энергияға қатысты Ұлттық іс-әрекет жоспарын қабылдады. Жаңа жоспар 2020 жылға қарай 14 пайызға дейін ЖЭК пайдалану арттыруды көздейді.

Словакия Үкіметінің ресми позициясына сәйкес биомасса отынның қазба түрлерінен алынатын энергияның орнын тиімді баса алады. Және сонымен бірге жылу өндіру кезінде қолданылатын табиғи газдың көлемін азайтуға айтарлықтай үлес қосады.

Реклама
Реклама

Осылайша, ҚР СІМ мәліметінше, Словакия көрмеге қатысатынын растаған 104-ші ел болды. Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын 17 халықаралық ұйым растады, 99 комиссар тағайындалды, 82 қатысу туралы келісім-шартқа қол қойылды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама