20 ақпан 2014 16:32

Словакиялық кәсіпкерлер Ақтауда мұз сарайын салады

Ақтау қаласы ©Нұрғиса Елеубеков

Маңғыстау облысының орталығы – Ақтау қаласында мұз сарайы бой көтеретін болды. Оны словакиялық кәсіпкерлер салады. Бұл жоба облыс әкімдігінде жұртшылыққа таныстырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шет елдік кәсіпкердің бұл салада жинақтаған тәжірибесі мол. Бұған дейін осындай жобаларды Австрия, Украина мен Оңтүстік Кореяда іске асырған. Қазіргі таңда мұз сарайына арналған жер телімі мен инфрақұрылымына байланысты тиісті құжаттар дайындалып жатыр. Сол құжаттар әзір болғаннан кейін словак кәсіпкерлері оны бас-аяғы бір жылдың ішінде салып бітіреміз деп отыр. Ақтауда бұрын-соңды мұндай ғимарат болған емес. Ал қазір жергілікті өрендер қаладағы ойын-сауық орталығындағы шағын сырғанау алаңында шайбалы хоккей ойнауды үйреніп жүр. Енді олар осы жерге келіп, өздерінің шеберліктерін арттыратын болады. Словакиялық инвесторлар тобының өкілі жоба жүзеге асқаннан кейін олар жергілікті азаматтарды жаңа технологиялар мен әдістерді меңгеруге үйрететін болады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram