СІМ АҚШ-та ұсталған қазақстандық туралы ақпаратты тексеріп жатыр

СІМ АҚШ-та ұсталған қазақстандық туралы ақпаратты тексеріп жатыр Фото: x.com/HSILosAngeles

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясы (ICE) Қазақстан тумасы деп көрсетілген, "терроризмге қатысы бар деп танылған немесе күдікке ілінген" Еламан Балтагерей қамауға алынғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік полициясы (ICE) Қазақстан тумасы деп көрсетілген, "терроризмге қатысы бар деп танылған немесе күдікке ілінген" Еламан Балтагерей қамауға алынғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақпарат ICE-тің X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

Америкалық ведомство мәліметінше, Балтагерей 5 маусымда федералды құқық қорғау органдарының қатысуымен өткен операция кезінде ұсталған.

Жарнама
Жарнама

ICE мәліметі бойынша, 2025 жылғы жазда ер адам сот отырысына келмегеннен кейін, иммиграциялық судья оны депортациялау туралы шешім шығарған.

"Еламан Балтагерей терроризмге қатысы бар деп танылған немесе күдікке ілінген тұлға ретінде ұсталды, оған қатысты депортациялау туралы түпкілікті шешім шыққан. Ол елден шығарылғанға дейін ICE қамауында болады", - делінген америкалық қызметтің жарияланымында.

Осыған ұқсас ақпаратты АҚШ Ішкі қауіпсіздік тергеу қызметінің (HSI Los Angeles) ресми бөлімшесі де таратты.

HSI мәліметінше, Балтагерей Калифорния штатындағы Коммерс қаласында ұсталған. Операцияға HSI Los Angeles, ФБР қызметкерлері және ICE-тің шетелдіктерді ұстау және депортациялаумен айналысатын бөлімшесі қатысқан.

Қазақстандықтың тұтқындалғаны туралы хабарлама ICE-тің ресми Instagram парақшасында да жарияланды.

Сонымен қатар, америкалық ведомство терроризмге қатысты күдік нақты неден тұратынын, ұсталған адамға қандай іс-әрекет жасады деген айып тағылғанын және оған қатысты қылмыстық іс қозғалған-қозғалмағанын ашып айтқан жоқ.

"Терроризмге қатысы бар деп танылған немесе күдікке ілінген" деген тұжырым ICE хабарламасында көрсетілген. Қазақстан тарапы америкалық ведомство баяндаған мән-жайларды әзірге растаған жоқ.

Жарияланым шыққан кезде ICE ресми сайтынан бұл тұтқындау туралы бөлек толық баспасөз хабарламасы табылмады. Ақпарат ICE және HSI-дің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары арқылы таратылды.

Қазақстан СІМ не дейді?

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі жағдайдан хабардар екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта ведомство тексеру жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

"Иә, Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайдан хабардар. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп, барлық мән-жай анықталып жатыр. Ресми деректердің түсуіне қарай қосымша ақпарат беріледі", - деп хабарлады Қазақстан СІМ.

Ведомство ұсталған адамның азаматтығын, тұтқындалу себептерін, миграциялық мәртебесін және тағылған айыптардың бар-жоғын әзірге растаған жоқ.

Мән-жайы

ICE мәліметінше, 2024 жылдың алғашқы 9 айында Американың иммиграциялық қызметі Қазақстанның 13 азаматын тұтқындаған. 2020 жылғы қазаннан 2024 жылғы қыркүйекке дейін 106 қазақстандық ұсталып, 63-і депортацияланған.

2024 жылғы 24 қарашадағы жағдай бойынша АҚШ-тан депортациялану тізімінде 369 қазақстандық болған. Бұған дейін СІМ азаматтарды Американың миграциялық заңнамасын сақтауға шақырып, елде заңсыз болудың салдары туралы ескерткен болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама