СІМ: Астанада өтетін АӨСШК саммитіне 11 президент келеді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:akorda.kz

12-13 қазанда Астанаға Азиядағы өзара іс-әрекет және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) саммитіне 11 президент келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

12-13 қазанда Астанаға Азиядағы өзара іс-әрекет және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) саммитіне 11 президент келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, АӨСШК-ге 11 президент келеді.

"АӨСШК-ге 11 президент келеді. Бұл - Әзербайжан, Ирак, Иран, Катар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан. Вице-президент деңгейінде Вьетнам, Қытайдан – Қытай Халық Республикасы вице-президенті", - деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Астанада өткен брифингте.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, оның айтуынша, Беларусь президенті Александр Лукашенко АӨСШК бақылаушысы ретінде қатысады деп жоспарланған.
 
Сонымен қатар, ТМД саммитіне Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары қатысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама