11 ақпан 2021 | 11:21

СІМ басшысы қазақстандық дипломаттардың шетелдегі қауіпсіздігі туралы айтты

Премьер-министрдің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қазақстандық дипломаттар мен олардың отбасыларын шетелде кім және қалай қорғайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары - сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қазақстандық дипломаттар мен олардың отбасыларын шетелде кім және қалай қорғайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатта "Дипломатиялық қызмет туралы" заңға түзетулерді қарау кезінде депутаттар СІМ басшысынан қазақстандық дипломаттардың шетелде қаншалықты қорғалғанын сұрады.

"Сыртқы істер министрлігі Қарулы немесе азаматтық қақтығыстар кезінде не шетелдік мекемелер мен олардың қызметкерлерінің қауіп-қатер төнген жағдайларда, сондай-ақ дипломатиялық қызмет персоналының шетелдік мекемелері орналасқан жерлерде және олармен бірге жүретін отбасы мүшелерінде Төтенше жағдай болған кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қорғауды ұйымдастыру үшін қандай шаралар қолданады? Біздің дипломаттарымыздың шетелде қорғалу дәрежесі қандай?"- деп сұрады сенатор Андрей Лукин Палата отырысында.

Реклама
Реклама

Тілеуберді Вена конвенциясына, сондай-ақ жалпы қабылданған халықаралық практикаға сәйкес, дипломатиялық өкілдіктердің қауіпсіздігін бірінші кезекте қабылдаушы тарап қамтамасыз ететінін айтты. Қазақстан өз тарапынан тепе-теңдік негізде олардың дипломатиялық өкілдіктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

"Сонымен қатар, елшіліктердің көбінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілдері, қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілер бар. Олар біздің елшіліктеріміздің, дипломатиялық миссиялардың, ғимараттардың, резиденциялардың, дипломаттардың өздері мен дипломатиялық қызметкерлердің қауіпсіздігіне жауап береді.

Олардың желісі бойынша арнайы қызметтер арасында ықтимал қауіптер мен терактілер туралы ақпарат алмасу жүргізіліп жатыр. Былтыр біз Ауғанстан мен Пәкістанның арнайы қызметтерінен елшіліктерімізге төнуі мүмкін қауіптер туралы бірнеше рет ақпарат алдық", - деді министр.

СІМ басшысы әрбір елшілікте кезекші коменданттар барын, олардың жалпы саны 116 екенін атап өтті. Олар елшілік аумағын, резиденцияны тәулік бойы бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл коменданттардың үштен бірі нысандарды қорғау бойынша арнайы оқудан өткен Шекара қызметінің өкілдері. Одан бөлек, әрбір елшіліктің инженерлік-техникалық мүмкіндіктері бар, Қазақстан Республикасының қызметкерлері мен меншігін эвакуациялау жоспарлары Қорғаныс министрлігімен бірлесіп әзірленді және бекітілген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная