ПОДЕЛИТЬСЯ
27 ақпан 2023 | 17:05
СІМ Блинкеннің Астанадағы жұмыс жоспарын жариялады
Сыртқы істер министрлігі АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Астанадағы жұмыс жоспарын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сыртқы істер министрлігі АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Астанадағы жұмыс жоспарын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 28 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Қазақстанға алғашқы ресми сапары болатынын түсіндірді. Астанада Мемлекеттік хатшыны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдап, Премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен келіссөздер жүргізеді.
"Сол күні Астанада Блинкеннің қатысуымен Орталық Азия елдері мен АҚШ сыртқы істер министрлерінің С5+1 форматындағы кездесуі өтеді. Бүгінге дейін Орталық Азия елдерінің барлық сыртқы істер министрі кездесуде Орталық Азия елдері мен АҚШ арасындағы экономика, энергетика, қоршаған ортаны қорғау және лаңкестікпен күрес саласындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылау жоспарланған.
Бүгінде С5+1 тетігі өзін Орталық Азияның көпқырлы дамуын қамтамасыз етуде аймақтық ынтымақтастыққа ықпал ететін тиімді дипломатиялық алаң ретінде танытты", - деді Смадияров.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также