ПОДЕЛИТЬСЯ
28 тамыз 2023 | 17:55
СІМ Bloomberg-тің Қазақстан туралы мақаласына қатысты пікір білдірді
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке қарсы (МАГАТЭ) сотқа жүгінуге дайындалып жатқаны туралы ақпаратқа пікір білдірді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жариялаған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке қарсы (МАГАТЭ) сотқа жүгінуге дайындалып жатқаны туралы ақпаратқа пікір білдірді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жариялаған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
25 тамызда Bloomberg агенттігі уранның ірі өндірушілерінің бірі бола тұра, Қазақстан МАГАТЭ директорлар кеңесінде дауыс беру мүмкіндігі жоқтығына риза еместігінен сот ісін қозғауға дайындалып жатқаны туралы мақала жариялады.
СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың мәліметінше, мақала осы агенттіктің басқару органдарында МАГАТЭ-ге мүше жекелеген елдердің болмауы сияқты мәселені шешуге арналған. Мақала сот ісі туралы емес.
"Қазақстан агенттік тарихында алғаш рет МАГАТЭ өңірлік топтарына кірмейтін, басқарушы органдарға сайлану құқығынан айырылған 17 елдің тізімін кодификациялай алды. Бұл тізімге Орталық Азияның барлық елдері, Израиль, Бахрейн, Камбоджа және басқалары кіреді. Осыған байланысты, Қазақстан МАГАТЭ-нің Венадағы бас конференциясының алдағы сессиясында осы мәселенің шешімін қарарға енгізуді жоспарлап отыр. Bloomberg-тің ағылшын тіліндегі мақаласының түпнұсқасында дәл осы ой бар, өкінішке қарай ол аударма барысында бұрмаланған. Мақала сот ісі туралы емес, консенсус қарар туралы. Қазақстан мүдделі елдермен және МАГАТЭ хатшылығымен бірлесіп осы мәселені реттеу және ұйымның барлық қатысушысының консенсусына негізделген құқықтық тетікті іздеу бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, біз "ядролық бестік" тарапынан үлкен қолдауға ие болдық", - деді Смадияров.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также