03 қазан 2020 | 11:53

СІМ экс-жауапты хатшысы Сирия келіссөздерін ұйымдастырғаны үшін пара алған

Анарбек Қарашев. © mfa gov.kz

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашевтің ісі бойынша жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды inbusiness.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашевтің ісі бойынша жаңа деректер пайда болды, - деп хабарлайды inbusiness.kz.

Atameken Business телеарнасының хабарлауынша, Анарбек Қарашев ШЫҰ, ЕурАзЭҚ және Астаналық процесс деп аталатын Сирия келіссөздері сияқты маңызды халықаралық іс- шараларды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету шарттарын жасағаны үшін пара алған.

Реклама
Реклама

Осы қызметтердің бәрі үшін экс-жауапты хатшы 52 миллион теңге пара алған. Оның 7 миллион 400 мың теңгесі Қарашев барған сауналар мен мейрамханаларға жұмсалған. Сондай-ақ, сот барлық істе Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы қызметкеріне тағы 4 адамның көмектескенін дәлелдеді. Олар 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Анарбек Қарашев пен Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаев екі жылға бас бостандығынан айырылды.

ҚР СІМ экс-жауапты хатшысы қамауға алынды

Еске салайық, Анарбек Қарашевтің үкімі 2020 жылдың 21 қыркүйегінде шыққан. Бастапқыда Қарашевтің әрекеті елшілік ғимаратының құрылысына бөлінген қаражатты жымқыру ретінде қарастырылған болатын. Алайда кейін сот олардың әрекетін билікті теріс пайдалануға жатқызды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная