Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі еліміз Авраам келісімдеріне қосылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, бұл маңызды шешім Қазақстан мүддесі үшін қабылданған және республиканың теңгерімді, сындарлы, бейбіт сыртқы саясатының сипатына толық сәйкес келеді.
"Авраам келісімдеріне қосылу еліміздің мүдделі мемлекеттермен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді, яғни Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына толық сәйкес келеді. Қазақстан әрдайым Таяу Шығыстағы қақтығыс халықаралық құқық нормаларына, БҰҰ тиісті қарарларына және "екі халық үшін екі мемлекет" қағидаты негізінде әділ, жан-жақты әрі орнықты реттелуін қолдайды", - деп жазылған хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!