03 маусым 2024 | 17:14

СІМ қазақстандықтардың Ресейде ұсталуына қатысты пікір білдірді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейде қазақстандықтардың шекарадан есірткі өткізгені үшін ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейде қазақстандықтардың шекарадан есірткі өткізгені үшін ұсталғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров бірқатар БАҚ-та жарияланған ондаған қазақстандық ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, әңгіме санаулы адам туралы.

"Біздің бірнеше азаматымыз әлеуметтік желілер арқылы, атап айтқанда Telegram-арналар арқылы есірткі тасымалдау бойынша жұмыс тапқаны тіркелді. Олар ұсталды, қазір тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Осы азаматтардың туыстарымен байланыстамыз", - деді Смадияров бүгін брифингте.

Реклама
Реклама

СІМ ресми өкілінің айтуынша, қылмыс Ресейде жасалғандықтан, азаматтар сонда сотталады.

"Мен балаларын дереу Қазақстанға жеткізуді талап ететін ата-аналардың алаңдаушылығын түсінемін. Бірақ қылмыс Ресей аумағында жасалғандықтан, оларды Ресей соты соттайтыны сөзсіз. Осыдан кейін ғана жазаны Қазақстан аумағында өтеуге ауыстыру туралы айтуға болады", - деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная