ПОДЕЛИТЬСЯ
26 маусым 2023 | 16:48
СІМ Лукашенко мен Назарбаевтың телефон арқылы сөйлесуіне қатысты пікір білдірді
Сыртқы істер министрлігі Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенконың телефон арқылы сөйлесуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сыртқы істер министрлігі Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенконың телефон арқылы сөйлесуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Демалыс күндері Беларусь президентінің баспасөз қызметі Александр Лукашенко мен Нұрсұлтан Назарбаевтың телефон арқылы сөйлескені туралы баспасөз хабарламасын жариялады, онда олар халықаралық жағдайды, аймақтағы жағдайды және Беларусь-Қазақстан қарым-қатынасын талқылағаны атап өтілді. Бұған қалай пікір айта аласыз" - деп сұрады журналистерге Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтан брифингте.
"Беларусь президенті - Тұңғыш президенттің ежелден серіктесі. Бұл ретте өздеріңізге белгілі, сыртқы саясатты, оның ішінде шет мемлекеттермен қарым-қатынасты анықтау Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзыреті болып табылады. Сондықтан, Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасы тек қазіргі президенттер арасында талқылануы мүмкін", - деп жауап берді ол.
Еске салайық, Беларусь президенті баспасөз қызметінің Telegram-арнасы жексенбіде түстен кейін Александр Лукашенко Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен сөйлесіп, халықаралық жағдайды, аймақтағы жағдайды және Беларусь-Қазақстан қарым-қатынастарын талқылағанын хабарлады.
Показать комментарии
Читайте также