ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қаңтар 2023 | 16:03
СІМ өкілі ауғанстандық студенттерді оқытуға қатысты пікір білдірді
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ауғанстаннан келіп Қазақстанда білім алып жатқан студенттер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ауғанстаннан келіп Қазақстанда білім алып жатқан студенттер туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров ауған студенттері туралы қазақстандықтардың сынына қатысты пікір сұрады.
"Не десек те, бұл көптен бері жүргізіліп келе жатқан шаралар. Ауғанстандағы жағдайға байланысты олар біраз тоқтап қалды, бірақ қазір оқу бағдарламасын қайта бастау туралы айтып жатырмыз. Әлеуметтік желіде неге ауған студенттері бізде оқиды, неге студенттерімізді тегін оқытпаймыз деген шу болды", - деді Смадияров.
Ол шетелдік студенттер Қазақстанда Еуропалық Одақ есебінен оқитынын түсіндірді.
"Олар төлейді, ал бұл қаражат біздің университеттерде қалады. Көпшілік осыны түсінбей жатып, шу шығара бастады", - деп түсіндірді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также