СІМ өкілдері Алтайда жол апатынан зардап шеккен әйелдің туыстарын іздестіріп жатыр

СІМ өкілдері Алтайда жол апатынан зардап шеккен әйелдің туыстарын іздестіріп жатыр © Tengrinews.kz коллажы

ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Алтайда болған жол апатынан зардап шеккен әйелдің туыстарын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зардап шеккен әйелдің есімі - Білімбай Хасен, 1943 жылғы.

"Ол комада жатыр. Әйелді білетіндерден хабарласуды сұраймыз", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жарнама
Жарнама

Еске сала кетейік, мұның алдында Алтайда болған жол апатынан зардап шеккен қазақстандық әйелдің ауыр жағдайда жатқаны хабарланған болатын.

РИА Новости мәліметінше, бейсенбіде түнгі уақытта Алтай Республикасында автожолда шағын автобус аударылып кеткен. Автобустағы 15 адам Моңғолия азаматтары болған, 12 адам зардап шеккен. Istana шағын автобусының жүргізушісі көлік тізгінін басқара алмай, жол бойынан шығып, аударылып кеткен.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама